«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы анықталды
Дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және Балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырды.
Турнирдің құрметті қонақтары ретінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, МСМ Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма директоры Қуанышбек Есекеевтер қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.
Шара аясында спорттық сайыстармен қатар Қ.Рахым, "Тұран" этно-тобы ән шырқап ұлттық күрес жанкүйерлерінің көңілін көтерді.
Жарыс ережесіне сәйкес сәуір-мамыр айларында ауыл, аудан, облыстық (қалалық) деңгейдегі және күштік құрылымдар желісі арасында іріктеу жарыстары толығымен өтіп, оған еліміз бойынша бес мыңға жуық спортшы қатысты. Соның ішінен ақтық сынға жолдама алған 36 балуан өзара күш сынасты. Олардың ішінде осыған дейін жеңіс тұғырынан көрінген Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар. 2021 жылдың жеңімпазы Дәурен Нұралинов жарақатына байланысты турниге қатысқан жоқ.
Турнирді Мәдениет және спорт министрілігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Qazaqstan Barysy" қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастырды. Сондай-ақ, турнирге Самрұқ-Қазына акционерлік қоғамы, Спортты қолдау қоры, "Қазақтелеком" АҚ, "Сәтті жұлдыз" АҚ, Magnum бөлшек сауда желісі, Олимпбет букмекерлік кеңсесі демеушілік жасады.
Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир "бүк" ұпайынсыз өтті.
Биылғы «Қазақстан барысы» атанған қызылордалық Мақсат Исағабылов 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталды. Күміс жүлдегер Нұрдәулет Жарылқапов Маңғыстау облысы 5 500 000 теңге және қола жүлдегер Ғалымжан Қырықбай Жамбыл облысы 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталды.
Көрермендер арасында автокөлік ойнатылды.
-->Дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және Балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырды.