Спорт

Елордалық балалар чемпиондармен кездесті

Кездесуге Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова, бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай, ММА бойынша әлем чемпионы Жасұлан Әкімжан, шахматтан әлем чемпионы Сауат Нұрғалиев, көркем гимнастикадан Азия чемпионы Сабина Бақатова және Оқушылар сарайының балалары қатысты.

Спортшылар орталықтың жұмысымен, осы жердегі оқушыларға ашылған мүмкіндіктермен танысты.

Кездесуге қатысқан чемпиондар балаларға арнап шеберлік сабағын өткізді.

Осыдан кейін спортшылар мен балалардың сұхбаттасуы үшін кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат барысында оқушылар чемпиондардың жетістікке жету жолындағы кедергілер мен оларды жеңу тәсілі, ел үшін додаға түскен уақыттағы эмоциялары мен жауапкершілік туралы және тағы басқа қызықты сауалдарын қойды.

Кездесу соңында балалар өздерінің сүйікті спортшыларынан қолтаңба алып, суретке түсті.

-->

Балалар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет бүгінгі «Балалар мен чемпиондар» жобасын іске қостық. Мұнда балалардың дамуы үшін қажетті шахмат, бокс, көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінен үйірмелер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырдық. Балалар жазғы демалысын, бос уақытын тиімді өткізсін деген ниетпен осы жобаны қолға алдық. Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру, спортты насихаттау, - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Спортшылар орталықтың жұмысымен, осы жердегі оқушыларға ашылған мүмкіндіктермен танысты.

Осы білім орталығына келіп қуанып отырмын. Спорт үйірмелері көбейген сайын өскелең ұрпаққа үлкен жол ашылады. Бокс – елімізде алдыңғы қатарда тұрған спорт түрі. Болашағы зор. Қазақ жігіттері әлемдік рингтерге шығып, мықты екендерін дәлелдеген. Маған балалардың бүгінгі талпынысы ұнады. Олардың әлемді бағындыратынына сенімдімін. Олар жазғы уақытын тиімді өткізіп жатыр. Әлемдік деңгейдегі жекпе-жекке шығу үшін талпыныс, еңбек қажет, - деді ММА бойынша әлем чемпионы Жасұлан Әкімжан.

Кездесуге қатысқан чемпиондар балаларға арнап шеберлік сабағын өткізді.

Маған бүгінгі шеберлік сабағы өте қатты ұнады. Бокспен айналысып жүргеніме бір жыл болды. Чемпиондармен кездесуде олардың жұдырықтасу тәсілдерін үйрендім. Олар қарсыластың соққысынан қалай қорғану қажет екенін де көрсетті. Болашақта мен де солар сияқты чемпион болғым келеді, - деді Нұрислам Мырзақұл.