Спорт

Азия чемпионы Мәдина Бақбергенова: Мен сыңарым үшін жекпе-жекке шықпаймын

Ел намысын қорғап жүрген Жәмила мен Мәдина Бақбергенова 1996 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауданында дүниеге келген. Олар спортпен 14 жасынан бастап айналыса бастайды. Алғашында апалы-сіңлі және әпкесі үшеуі таеквондоға қатысады. Арада 2 жыл өткен соң жаттықтырушысы кетіп, үйірме жабылады. Сол уақытта оларға да спортты тоқтата тұруға тура келеді.  Мектеп кезінен бұзық әрі төбелескіш болғандықтан оларды  әпкесі күреске жібереді.  

Алайда анасы «қыз бала айналысатын спорт емес» деп қарсылық танытады.

Ал әкесі спортқа жақын кісі болғандықтан түсініктік танытып, күреспен айналысқандарын қолдаған.

Мәдина Бақбергенованың айтуынша, бір спорт түрімен шұғылдануының артықшылықтары мен кемшіліктері  бар.

Жарыстарда апалы-сіңлілердің біреуінің нәтижесі екіншісіне әсер етеді.

2010 жылы Қостанайда КСРО батыры Е.Хачинаны еске алуға арналған республикалық жарыста алғаш рет Жәмила қола, ал Мәдина күміс медальды жеңіп алды. Сол уақыттан бастап олардың күреске деген ерекше құлшынысы пайда болған.

Мәдина егіз болғанымен жарыстарда бір-бірінің орнына турнирлерге шығып көрмегенін айтады.

Анасы  қос қызының кез келген жарыстан не жаттығудан жарақатсыз аман есен келуін тілеп отырады. Гүлмира Молдабекова қыздары ұтылып келсе, қолдау көрсетіп, демеу болатынын айтады.

Қазіргі таңда Мәдина бір баланы тәрбиелеп отырған асыл ана, аяулы жар және сүйікті келін.  Ол бүгінде отбасылық өмір мен кәсіби спортты қатар алып жүр. Ал Жәмила болса, алдағы уақытта Олимпиада шыңын бағындыруды қалайды.

-->

Расын айтқанда мен олардың спорттың осы түрімен айналысуына қарсы болдым. Қыз баласы спортшы болғанын қаламадым. Білім алып, басқа маман иесі болған жөн деп санадым. Алайда олардың күреске ынтасы мен қызығушылығы менің пікірімді өзгертті. Күреспен кәсіби түрде шұғылдана бастағанда рұқсатымды бердім, - деді Бақбергеновалардың анасы Гүлмира Молдабекова.

Ал әкесі спортқа жақын кісі болғандықтан түсініктік танытып, күреспен айналысқандарын қолдаған.

Мәдина Бақбергенованың айтуынша, бір спорт түрімен шұғылдануының артықшылықтары мен кемшіліктері  бар.

Әрдайым бірге дайындаламыз. Жаттығудан соң бір-бірімізге «спарринг-партнер» болып көмектесеміз. Осындай артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері де бар. Мәселен,  Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне қатысқан уақытта Жәмиланың ұтылғанын көріп, кейін мен де ұтылып қалдым, - деді Мәдина Бақбергенова.

Жарыстарда апалы-сіңлілердің біреуінің нәтижесі екіншісіне әсер етеді.

Бірге қатысудың тағы бір артықшылығы – үйренген әдіс-тәсілдерді бірге жасап отырамыз. Ал бір кемшілігі – бір-бірімізді ойлап, уайымдап жүреміз, - дейді Жәмила Бақбергенова. 

2010 жылы Қостанайда КСРО батыры Е.Хачинаны еске алуға арналған республикалық жарыста алғаш рет Жәмила қола, ал Мәдина күміс медальды жеңіп алды. Сол уақыттан бастап олардың күреске деген ерекше құлшынысы пайда болған.

Мәдина егіз болғанымен жарыстарда бір-бірінің орнына турнирлерге шығып көрмегенін айтады.

Жарыстарда бір-біріміздің орнымызға шығып күресуді ұят санадық. Тіпті «Ұсталып қалсақ не болады?» деген үрей де болды. Бір-біріміздің орнымызға шықпасақ та, бірге шыққан сәттеріміз де бар. Мәселен, 2011 жылы Қарағандыда өткен республикалық турнирде 52 келіге дейінгі салмақта екеуіміз де финалға шыққан едік. Бірақ та мен соңында Мәдинаға ұтылып қалдым, - деді Жәмила Бақбергенова.

Анасы  қос қызының кез келген жарыстан не жаттығудан жарақатсыз аман есен келуін тілеп отырады. Гүлмира Молдабекова қыздары ұтылып келсе, қолдау көрсетіп, демеу болатынын айтады.

Мәселен, екеуіміз де бір жарысқа барып, Мәдина ұтылса, намыстанып соңына дейін екеуіміз үшін күресемін. Екеуіміз де ұтылмай, ең болмаса біріміз жүлделі орынға ие болып оралайық деген ой, - дейді Жәмила Бақбергенова.