Спорт

Елордада «Super Bol!» спорттық реалити-шоуының кастингі өтті

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қатысты. Министр Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жастардың дамуына тікелей назар аударып отырғанын айтты.

Сондай-ақ А.Омаров жобаның мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды қажет етпейтінін, реалити-шоуды көрсетуді жеке демеушілер толығымен өз мойнына алғанын атап өтіп, «Freedom Broker» инвестициялық компаниясының негізін қалаушы және жобаның бас демеушісі Т. Турловқа жеке алғысын білдіріп, бұл жоба мыңдаған жастарға үлкен үміт сыйлағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 6 маусымда жастарды дамытуға бағытталған бірегей «Super Bol!» жобасы іске қосылды. «Super Bol!» бүгінгі таңда Қазақстанның 7 қаласында болды, ал соңғы финалдық іріктеу кастингі 24 маусымда Алматы қаласында болады.

Іріктеу жеңімпаздары белгілі бапкерлердің басшылығымен жаттығады. Кейін кәсіби келісімшарт жасасуы да мүмкін. Шоудың финалдық бөлігі Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығатын кәсіби футбол базасында өтеді.

-->