Спорт

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Едіге Емберді елге оралды

Спортшыны жанкүйерлері, туыстары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері гүл шоқтарымен күтіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, 11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті.

39 елден 200-ден аса спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Едіге Емберді, Ерасыл Сәулебеков, Денис Полубояринов, Никита Абдрахманов үш алтын медаль алып келді. Надежда Ли екі күміс жүлдені жеңіп алды, Александра Беленконың есебінде – бір күміс және екі қола. Ерасыл Омаров тұғырдың үшінші сатысына үш рет көтерілді, Дарья Балабаюк ұлттық құрамаға қола медаль әкелді.

Сондай-ақ, әлем біріншілігінде отандасымыз Едіге Емберді әлем рекордын орнатып, чемпионаттың «үздік атлеті» атанды.

-->