Спорт

Давид Дегтярев Азия және Океания чемпионатында топ жарды

Ол 54 келідегі сында 180 кг салмақты бағындырып, Қытай (176 кг) және Вьетнам (172 кг) спортшысынан асып түсті.

Давид Дегтярев – XVI жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және Азия рекордшысы.

Сонымен қатар, әйелдер арасындағы бәсекеде өнер көрсеткен Гүлбану Абдыхалықова 78 кг салмақты және Фариза Толжан 85 кг салмақты бағындырып, өз салмақтарында үшінші орыннан көрінді. Ал жастар арасындағы сында Максим Тен 126 кг және Валерия Смирнова 52 кг салмақты бағындырып, алтын медальды еншіледі.

Еске сала кетсек, Пхентхек қаласында 15-20 маусым аралығында өтіп жатқан жарыста 22 мемлекеттен 180 астам спортшы бақ сынауда. Қазақстан сапында 18 спортшы өнер көрсетуде.

-->