Спорт

Қостанайда VII халық спорты ойындары басталды

4 жылда бір ұйымдастырылатын Халық спорты ойындарының шеруіне 14 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан келген 1 400-ден астам спортшы қатысты. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жағалауда өткен ашылу салтанатында қостанайлық мың бұралған бишілер мен ән салған күміс көмей әншілер дүйім жұртты өзіне қаратты. 

Іс-шараға МСМ Спорт жəне дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Қостанай облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Қайыржан Есімтаев, Республикалық спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары, жарыстың бас төрешісі Оралбай Жақсымбетов қатысты. 

Айта кетейік, дәстүрлі сайыста Нұр-Сұлтан қаласынан 85 спортшы бақтарын сынайды.   

Әр өңірден келген 200-ге жуық төрешілер құрамы 10 күн бойы шағын футбол, баскетбол (3х3), волейбол (ерлер, әйелдер), үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір спорты мен қол күрес сыңды спорт түрлері бойынша төрелік етпек. 

-->

Халық спорты ойындарын осымен 7- ші рет өткізіп отырмыз. Жыл өткен сайын қатысатын командалардың деңгейі өсіп, жарыс көркі қыза түсуде. Ден қойып келе жатқан жастардың көптігі қуантады. Осыдан болар әр өңірде бұқаралық спорт Олимпиадасы деген атау алды. Осы жолы ойындарды жоғары деңгейде өткізіп жатқан Қостанай облысы әкімдігіне, барлық спорт басқармасына, спортшыларға, төрешілерге, жанкүйерлерге алғыс айтамын. Сайыстағы саңлақтарға сәттілік тілеймін! - деді Самат Ерғалиев.