Футбол клубтарының негізгі табыс көздері қандай
Футболшылардың клубтан клубқа ауысуы, өздерін басқа елде сынап көруі немесе сол белгілі бір жердің жанкүйерлеріне өз өнерін паш етуі сияқты кезеңдері болады. Әрине, тек футбол ғана емес, командалық спорттарда трансфер дамымай жатыр деп айта алмаймыз. Бірақ футбол трансферлері соңғы жылдары адам түсіне кірмейтін қаржыны «судай сапыруда».
Футбол клубтарының негізгі табыс көздері қандай? Ең алдымен, бүлдіршіндерді тәрбиелеу, одан кейін сайыстардағы сыйақы, демеушілер мен жарнамалар тағы бір бөлек табыс. Матчтар билетінің сатылымынан және стадиондағы саудаға түсетін тауарлар клубқа мол пайда әкелетіні сөзсіз. Сонымен қатар телекөрсетілімдер арқылы танымал ұжымдар қомақты қаражат табады. Осылардың нәтижесінде футболшыларға да тиісті жоғары жалақылары төленеді. Мұның барлығы футболдың дәрежесін, сапасын қазіргідей керемет жағдайға жеткізді. Жиі оқылатын жаңалықтар футбол туралы, спорттық тауарлардың ішінде ең көп сатылымға түсетін жейделер мен аяқ киімдер де футбол атрибутикасынан екендігі мәлім. Одан басқа, әлем бойынша мыңдаған зерттеу жұмыстары осы спорт түрін дамытуға әлі де жұмыс жасап жатыр.
2000 жылы «Барселона» футбол алаңындағы «қас жауы» «Реал Мадридке» португалдық жұлдыз Луиш Фигуды 60 млн еуроға сатты. Жанкүйерлерінің өзі жауласып кеткен екі ұжымның осындай мәмілеге келуі жұртшылықты таң қалдырды. «Барселона» сол кезде-ақ жұлдызға айналған Фигуды «Реалға» неге сатты? Әрине, сатады. Өйткені «Реал» басшылығы екі ұжым арасындағы қарым-қатынасты 60 млн еуромен бір сәтте жылыта алады. Көп күттірмей, 2001 жылы «Реал» Зиданды 75 млн еуроға сатып алды. Сол рекордтық трансфер бағасы 2009 жылға дейін сақталды. Содан кейін «Реал» басшылығы рекордты қайта жаңартты. Криштиану Роналдуды 94,4 млн еуроға сатып алып, «Манчестер Юнайтед» стадионын көркейтуге ақшасын құйғандай болды. Араға төрт жыл салып олар Гарет Бэйлды 100 млн еуроға алып, қатарына қосты. Бұл жолы «Тотенхамның» бюджеті жақсарды. Ал 2016 жылғы трансферде «Манчестер Юнайтед» Поль Погбаны қайтадан сатып алды. 2012 жылы «Ювентуске» тегін кеткен талантты ойыншының «МЮ-ге» трансфері 105 млн еуроға бағаланды. 2017 жылы Неймар «Барселона» сапынан париждік «ПСЖ» командасына 222 млн. еуроға ауысуы – миллиондаған футбол жанкүйерлерін ойға бастырды. Қазіргі кезде дейін бұл трансферлік рекорд болып саналады.
Трансфер жасамастан бұрын клубтардың басшылығы футболшының сапалы ойнау білуі, командаластарына алаңда тигізер пайдасы, БАҚ өкілдерімен араласуы, көпшілікке танымал болуы, келешекте футболшы ретінде әлі де күшеюіне басты назар аударады.
Transfermarkt GmbH & Co сайты бойынша, Қазақстан Премьер-лигасындағы барлық ойыншының бағасы 100,8 млн еуроға тең. Футболшыларының жалпы бағасы бойынша «Астана» футбол клубы (15 млн еуро) көш бастаса, содан кейін ел чемпионы «Тобыл» (12,7 млн еуро). Ал алматылық «Қайрат» футболшыларының жалпы құны 12,4 млн еуро.
Құрама сапында ойнайтын ойыншылар ішінде Бахтияр Зайнутдинов («ЦСКА») 4 млн еуро, ал Нұралы Әліп («Зенит») 1,7 млн еуроға бағаланған. Абзал Бейсебековтің шеберлігі 1,4 млн еуроны құрайды. Ел футболшылары шетелде доп тебе берсе, артынша олардың бағалары да артады. Сол себепті футболшылардың сауаттылығы жан-жақты болуы абзал. Бірнеше тіл білу, қаржылай сауаттылық, жанкүйерлермен байланыс құрауда. Сонымен қатар елімізді футболшыларды ұсына алатын агенттер жоғары деңгейде дайындалуы қажет.
Қорыта айтсақ, ел-жұрт назары әлдеқашан футбол трансферына ауысқан. Сол себепті олар туралы қауесет те, хабар да жағалай тарап жатады. Ғаламторда талқыға салынады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда көптеген мықты немесе команданың негізгі ойыншыларына клуб басшылықтары «қас жау атанған ұжымдарға тікелей ауысуына жол бермейміз» делінген нұсқауларды футболистің келісіміне енгізеді. Кей ретте, бұл үлкен дау туғызғанымен, футболшылармен бірге арнайы келісім дайындалады. Бұндай жайттарды ескеретін болсақ, трансфердің жастарға зияны тиетіндей. Өйткені жас ойыншыны сату барысында әрбір ұжым байып қалғысы келеді. Себебі арзанға сатылып кетіп, содан кейін бір маусымнан кейін ол футболшы тіпті қымбаттауы әбден мүмкін. Немесе керісінше, көтерілген сомаға сатып алынған жас футболшы бір сәтте ауыр жарақат алып, керемет жалақыға ие болып, ауруханадан шықпауы мүмкін. Сондықтан да, трансферлік істерді жүргізетін агенттер мен футбол командалары өз өкілдерінен үлкен тәжірибені талап етеді.
Футболдың даму үрдісінің маңызды бөлшегіне айналған осы «еуроларды» құрайтын да өзіміз екендігімізді ұмытпайық. Әлемнің ең танымал спорт түріне айналдырған жанкүйерлердің көп болуы, футболды бұдан да үлкен байлықтарға жеткізетіні сөзсіз. Біреуге жат, біреуге дұрыс көрінгенмен, футболшылар тек қымбаттай беретін болады, ал оның «саудасын қыздырып» жүргендер сол «еуроларын ауыстырудан» тынбайды.
Міне, дәл осылай футбол ойыны бүкіл әлемдік қаржы саласының арнасын өзіне қарай бұрып бара жатқандай!
Би-Болат СЕЙТАҚ
-->Футболшылардың клубтан клубқа ауысуы, өздерін басқа елде сынап көруі немесе сол белгілі бір жердің жанкүйерлеріне өз өнерін паш етуі сияқты кезеңдері болады. Әрине, тек футбол ғана емес, командалық спорттарда трансфер дамымай жатыр деп айта алмаймыз. Бірақ футбол трансферлері соңғы жылдары адам түсіне кірмейтін қаржыны «судай сапыруда».