Спорт

Нұр-Сұлтанда садақ атудан халықаралық жарыс басталды

"QAZAQSTAN" жеңіл атлетика кешенінде садақ атудан "Нұр-Сұлтан Гран-Приі" Халықаралық турнирі өтіп жатыр. Ашылуына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Алмас Абаев, Садақ ату федерациясының басшылығы мен танымал спортшылар қатысты.  Турнирге Австрия, Ресей, Беларусь,Чехия, Польша, Грузия, Бангладеш секілді Еуропа, Азия, ТМД елдерінен  және еліміздің барлық өңірлерінен келген 200-ге тарта кәсіпқой спортшылар өнер көрсетеді.

Айта кету керек халықаралық дәрежедегі жарысқа қатысушылардың арасында көптеген көрнекті спортшылар – Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия, Европа чемпионаттарының қатысушылары, жүлдегерлері бар.

-->