Спорт

Қазақстан құрамасы Словакияны екінші рет жеңді

Қазақстандық футболшылар  үзіліске дейін қарсылас команданың қақпасына екі гол салды. Үзілістен кейін есеп – 2:1 болды.

Дегенмен Қазақстан футболшылары матч соңына дейін жеңіс есебін сақтап қала алды. Қорытынды есеп - 2:1. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы В дивизионының 3-тобында көш басындағы орнын сақтап қалды. Команда төрт кездесуден соң 10 ұпай жинады. Екінші орындағы Словакиядан төрт ұпайға озып тұр. Енді Қазақстан құрамасына топта бірінші орын алуы үшін екі ұпай жеткілікті. 

Айта кетейік, бір апта бұрын құрамалар УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словакияның Трнаваға қаласында кездесіп, сонда қазақстандықтар 1:0 есебімен жеңген еді.

-->