Сегіз мыңнан астам елордалық «қолжетімді спортпен» айналысады
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 2022 жылдың сәуір айынан бастап еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асты. Жобаның мақсаты – ашық ауада тегін түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын қала тұрғындарын қамтуды ұлғайту және қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге, сондай-ақ бірнеше спорт түрі бойынша спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді. Сабақтарды жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері және білікті нұсқаушылар елордадағы «Триатлон», «Орталық», «Жетісу», «Жерұйық» саябақтарында, «Ботаникалық» бақ, орталық «Арбат» және Пушкин көшесінде орналасқан ЕҰУ аумағында өткізеді.
Жоба Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Петропавл, Ақтау және Талдықорған тұрғындарын спорттың 5 түріне үйретеді. Жалпы алғанда, барлық қаланы қоса есептегенде жобаға 120-ға жуық білікті нұсқаушы мен жаттықтырушылар жұмылдырылды. Олар 7 қала бойынша 24 жерде, яғни қала саябақтары мен тыным бақтарында тегін оқу-жаттығу сабақтарын өткізеді. Сәуір айының соңында «Қолжетімді спорт» жобасының көп арналы байланыс орталығы (сall-центр) іске қосылады +7 707 618 43 43. Операторлар қоңырауларды аптасына 7 күн 09:00-ден 21:00-ге дейін қабылдайды.
Әр қалада жаттығу өткізілетін әрбір спорт түрінен 2-ден 6-ға дейін орын таңдалынып, сабақтардың көпшілігі кешкі сағат 17:00-де басталады. Бір сабақтың ұзақтығы – 1-1,5 сағат.
Жобаға қатысу үшін жас шектеулері бар. Скандинавиялық жүріске, үстел теннисіне 18 жастан бастап, ал жүгіруге және каратэге 7 жастан бастап қала тұрғындары қатыса алады. Фитнес жаттығуларына жас шектеулері жоқ.
Бұл бастама алғаш рет өз жұмысын 2021 жылдың қазан айының басында Нұр-Сұлтан қаласының спорт залдарында жүзеге асырылды. Спорттың 6 түрі (фитнес/зумба, скандинавиялық жүріс, каратэ, жүгіру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі) бойынша жаттығулар қала бойынша 40-тан астам жерде өткізілді. Скандинавиялық серуендеу саябақтарда таза ауада өтті. Кез келген адам спорт түрін таңдап, аптасына 3 рет жаттығу жасауға мүмкіндік алды. Жоба елорда тұрғындары арасында және Instagram әлеуметтік желісінде танымал болды. Күн сайын Instagram-да жаттығулардан бейнелер мен фотосуреттер жарияланып отырды. Жоба 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасып, 20 мыңға жуық елорда тұрғынын қамтыды.
Айта кетейік, бүгін қалалық «Триатлон» саябағында «Қолжетімді спорт» жобасының кезекті жаттығу сабақтарының түсірілімі өтеді.
-->Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 2022 жылдың сәуір айынан бастап еліміздің 7 қаласында «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асты. Жобаның мақсаты – ашық ауада тегін түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын қала тұрғындарын қамтуды ұлғайту және қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге, сондай-ақ бірнеше спорт түрі бойынша спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді. Сабақтарды жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері және білікті нұсқаушылар елордадағы «Триатлон», «Орталық», «Жетісу», «Жерұйық» саябақтарында, «Ботаникалық» бақ, орталық «Арбат» және Пушкин көшесінде орналасқан ЕҰУ аумағында өткізеді.