Спорт

Лионель Месси алдағы уақытта қай командаға ауысады

Diario AS ақпараты бойынша, 34 жастағы шабуылшы 2023 жылдың жазында америкалық "Интер Майами" сапына ауысады. 

Одан бөлек, Месси Англия құрамасы мен "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэммен бірге команда қожайындарының бірі болады. Аргентиналық футболшы жуырда "Интер Майами" командасының 35 пайыз акциясын сатып алмақшы. Қазіргі уақытта клуб пен Месси келісімге келіп қойған. 

Айта кетейік, Месси ПСЖ сапында 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетеді. Биыл ол париждік команда сапында барлық турнирде 33 кездесуге қатысып, 11 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. ПСЖ командасымен оның келесімшарты келесі маусымның соңында аяқталады. 

-->