Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир өтіп жатыр
Турнирдің ашылу салтанатында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Азия күрес федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресінен федерациясының басшысы, қазақтың даңқты палуаны Дәулет Тұрлыханов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Бозкілемдегі бәсеке Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтіп жатыр.
Өз кезегінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен федерация басшысы Дәулет Тұрлыханов халықаралық турнирдің мақсатын былайша түсіндіріп берді:
Нұр-Сұлтанда екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық турнирде 150-ден астам спортшы 10 салмақ дəрежесі бойынша бәсекеге түсуде.
-->Турнирдің ашылу салтанатында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Азия күрес федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресінен федерациясының басшысы, қазақтың даңқты палуаны Дәулет Тұрлыханов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Бозкілемдегі бәсеке Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өтіп жатыр.
Өз кезегінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен федерация басшысы Дәулет Тұрлыханов халықаралық турнирдің мақсатын былайша түсіндіріп берді:
Мамыр айының 3-5 күндері грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Бұл – марқұм Жақсылық Үшкемпіров ағамызды еске алуға арналған турнир. Оған Орта Азияның төрт мемлекеті – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері қатысып отыр. Бұл бәсекенің басты мақсаты балуандарымыз халықаралық сындарда шыңдалып, тәжірибе жинап, айтулы бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғаса екен дейміз. Болашақта құрама командада деңгейі жоғары балуандарымыз көбейсе деп отырмыз, - деді ол.
Нұр-Сұлтанда екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық турнирде 150-ден астам спортшы 10 салмақ дəрежесі бойынша бәсекеге түсуде.
Шетелден бөлек өз еліміздің 17 өңірінен келген спортшыларымыз бозкілемде белдесіп жатыр. Өзіміздің құрамаға тоқталсам, жақында өткен Азия біріншілігінде көрдіңіздер, үлкен жетістіктерге жеттік. Алдымызда Азия ойындары күтіп тұр. Құрамамыз үлкен дайындықпен, жауапкершілікпен барып, жоғары нәтижеге қол жеткізеді деп сенемін, - деді МСМ Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.