Спорт

Чемпиондар лигасының финалына шыққан командалар белгілі болды

«Реал Мадрид» өз алаңына ағылшын клубы «Манчестер Ситиді» 3:1 есебімен ұтып, керемет камбэк жасады.

Манчестерде өткен алғашқы кездесуде 4:3 есебімен жеңіске жеткен «қалалықтар» Мадридте де алдымен есеп ашты. Жалпы есепте 3:5 болып ұтылып жатқан «Реал» матч аяқталар тұста 2 гол соғып, ойын қосымша уақытқа жалғасты. Ал қосымша уақытта Карим Бензема пенальтиді сәтті орындап, мадридтік команда финалға жолдама алды. Жалпы есеп – 6:5. 

«Реал Мадрид» – «Манчестер Сити» 3:1. Бірінші матч – 3:4

Гол соққандар: 0:1 – 73 Марез, 1:1 – 90 Родриго, 2:1 – 91 Родриго, 3:1 – 95 Бензема (пенальти).

Оқи отырыңыз: Чемпиондар лигасының финалына «Ливерпуль» клубы алғаш шыққан болатын

Ақтық сында «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» командалары кездеседі.

28 мамыр күні «Стад Де Франс» (Париж) стадионында «Ливерпуль» - «Реал» кездеседі.

-->