Әйелдер күресінен егіз Бақбергеновалар Азия чемпионы атанды
Айналмалы жүйе бойынша өткен жарыста жерлесіміз Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Азияның екі дүркін чемпионы атанды. Атап айтқанда, ол Даваанасан Энхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) және Сумир Ниикура (Жапония) сияқты мықты балуандарды жеңді.
Айта кетейік, 2020 жылы Жәмила Нью-Делиде (Үндістан) өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Азия чемпионатының алтын медалін Жамиланың егіз сіңлісі-Мадина Бақбергенова (68 кг) жеңіп алды.
Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңді. Финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп, жекпе-жектің соңына қарай алға шықты. Отандасымыз қарсыласын 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, апалы-сіңлі Бақбергеновалар әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші «алтынды» әкелді.
Айта кетейік, әйелдер күресі бойынша жарыстар айналмалы жүйе бойынша өтеді. Бұл дегеніміз, спортшылар жеңімпазды анықтау үшін әр турда барлық салмақ дәрежесіндегі балуандармен жарысады.
-->