Спорт

«Вильярреал» – «Ливерпуль»: «сары сүңгуірлердің» ертегісі соңына таяды ма

«Вильярреал» мен «Ливерпульдің» текетіресі аса үлкен интрига тудырмайтыны белгілі. Алайда испаниялық клуб бұл жолғы Чемпиондар лигасында жұрттың болжамын терістеуге үйреніп қалды. Топтық кездесуде азулы «Аталантаны» шаң қаптырды, Плей-офф бәсекесінде «Вильярреал» әуелі «Ювентусты» тас-талқан қылса, кейін турнирдің басты фавориттерінің бірі «Бавариядан» басым түсті.

Бірақ ендігі мәселе – «сары сүңгуірлерге» «Ливерпульмен» айқасуға тура келіп тұр. Біріншіден, «Ливерпульдің» бапкері Юрген Клопп бұл ойынға барынша әзірленері мәлім. Екіншіден, «Ливерпульдің» қарсыласты оншалықты бағаламау әдеті жоқ.

Ширек финалда «Ливерпуль» «Бенфиканы» аса бір әуреге түспестен ұтқан еді. Екінші ойынның 3:3 болып тең бітуі көпшіліктің көкейін күмән ұялатпауға тиіс, өйткені мерсисайдтықтар алғашқы ойында-ақ айқын басымдықпен жеңіп, екінші матчқа қосалқы құраммен шыққан болатын. Жалпы, плей-оффтың екі кезеңі де «Ливерпульге» жеңіл түсіп, күш-қуатын маусым соңына сақтауға мүмкіндік берді. Оның үстіне қазір «Ливерпульдің» негізгі шабуылшысы Мохамед Салах та бабына келе бастады.

«Вильярреалға» қарағанда «Ливерпульге» әлі ұлттық турнирлерде күресуге тұрарлық матчтар бар. Алда – чемпиондық титул үшін «Манчестер Ситимен» және Англия кубогі үшін «Челсимен» шайқас күтіп тұр. Қаласын-қаламасын, Клопп ойыншылар құрамын ауыстырып, көшбасшыларға сәл-пәл тыныстауға уақыт беруге мәжбүр. «Вильярреал» чемпионат арқылы Чемпиондар лигасына шығу мүмкіндігін толықтай жоғалтып алған, тек алдағы ойында жеңіске жетсе ғана шыға алады. Тым болмаған күннің өзінде Еуропа лигасы мен Конференция лигасына ұмтылуға болады. Сондықтан Эмери қолда бар күштің бәрін Чемпиондар лигасына жұмылдыратыны анық.

Ойыншылар құрамы туралы айтсақ, Клопп плюсте тұр. Әзірге Роберто Фирминоның ойынға қатысу-қатыспауы неғайбыл, бірақ «Ливерпульде» оның орнын басар адам сөзсіз табылады. «Вильярреалдың» халі мүшкілдеу. Альберто Морено мен Йереми Пина бұл маусымда шабуыл өтіндегі негізгі ойыншылар еді, бірақ екеуі де алдағы матчқа қатыспайды. Осы маусымда жарақат алып қалған Жерар Мореноға да үміт арта алмаймыз.

Әлбетте, «Вильярреал» оңай шағылатын жаңғақ емес, бірақ қазір мерсисайдтықтар деңгейінің мықтылығы сонша – әлемнің кез келген командасын шайнап тастауға дайын тұр. Кез келген қарсыласқа «Ливерпульге» төтеп беру оңайға түспейді. «Вильярреал», әрине, ұтымды сәттерді құр жібермес, бірақ бәрібір ертегі аяқталып қалған сияқты.

«Вильярреал» мен «Ливерпуль» арасындағы матч бүгін түнде астана уақыты бойынша 00:50-де «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше тағы бір ағылшын-испан матчы өткен болады. Англияның «Манчестер Ситиі» мен Испанияның «Реал Мадриді» кездесіп, 4:3 есебімен «қалалықтар» басым түскен еді. Олардың арасындағы екінші ойын 5 мамыр күні өтеді.

-->