Спорт

Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды

Мейіржан Шермаханбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді. 

Айта кетерлігі, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыластарының жауырынын жерге тигізді. 

Ал 60 келіде жұбаныш белдесуінде бақ сынаған Ернұр Фидахметов қарсыласын басым түсіп, ел қоржынына екінші қоланы әкелді. 

-->