Чемпиондар лигасының ойындарын қайдан көруге болады
Бірінші жұпта ағылшындық "Манчестер Сити" командасы испаниялық "Атлетиконы" қабылдайды. Бұл кездесуді QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Аталған кездесуді телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.
Екінші жұпта португалиялық "Бенфика" ағылшындық "Ливерпульмен" кездеседі. Ойынды Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл ойын да Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады.
Жауапты кездесулер 13 және 14 сәуір күні болады.
Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының 1/4 финалында "Челси" (Англия) және "Реал" (Испания), "Вильяреал" (Испания) және "Бавария" (Германия) ойнайды.
Турнирдің жартылай финал ойындары 26-27 сәуір мен 3-4 мамыр аралығында өтеді. Ал финал 28 мамыр күні Париждегі "Стад де Франс" стадионына жоспарланған.
-->Бірінші жұпта ағылшындық "Манчестер Сити" командасы испаниялық "Атлетиконы" қабылдайды. Бұл кездесуді QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Аталған кездесуді телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.