Спорт

Елордада шорт-тректен ел чемпионаты басталды

С.Ерғалиев чемпионаттың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұлттық құраманың үздік спортшыларын анықтайтын жарыс 31 наурызға дейін жалғасады.

-->

С.Ерғалиев чемпионаттың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шорт-трек елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Бұған айқын дәлелдердің бірі – Бейжің Олимпиадасындағы шорт-тректен ұлттық құраманың нәтижелері. Аталған спорт түрінде жастар арасында да мықты спортшылар бар екені көңіл қуантады. Алдағы уақытта министрлік тарапынан спортшыларымыздың сапалы дайындық жұмыстарын ұйымдастырып, әлемдік ареналарда жоғары нәтижелер көрсетуі үшін жан-жақты жағдай жасайтын боламыз, - деді комитет төрағасы.

Ұлттық құраманың үздік спортшыларын анықтайтын жарыс 31 наурызға дейін жалғасады.