Спорт

17:0: Қазақстандық хоккейшілер Тайбэй құрамасын тас-талқан етіп ұтты

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Жарыс Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр.

Ұлттық құрама кезекті жеңісіне қол жеткізіп, Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты.

Қазақстандық хоккейшілер ойын барысында 17 рет гол соғып, қарсыластарына өз қақпасына шайба салуға мүмкіндік бермеді.

Олег Болякин бастаған жігіттер 2025 жылғы Азия ойындарында жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастыруда.