Спорт

Елімізде 48 565 мүмкіндігі шектеулі жан спортпен шұғылданады

Комитет төрағасының айтуынша, алдағы Паралимпиада ойындарына дайындық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жүргізіледі.

Қазіргі таңда параспорт түрлері бойынша шетелдік кеңесшілерді тарту қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, Париж және Милан Паралимпиадаларына арнайы бағдарлама әзірленіп, Ұлттық паралимпиада комитеттерімен бірлесе жұмыс жүргізілетін болады.

-->

Елімізде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында 15 паралимпиадалық, 21 сурдолимпиадалық және Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген 8 спорт түрі дамытылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 696 825 адам құрады, оның 48 565-і спортпен міндетті шұғылданады. Республика бойынша әр өңірде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы 17 спорт мекемесі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда, елордада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған мамандандырылған спорттық кешен жұмыс істеуде, – деді С.Ерғалиев.