Спорт

«Барселона» ФК стадионы енді «Spotify Камп Ноу» деп аталады

Келісім төрт жылға негізделген. Spotify каталониялық клубтың алдағы төрт маусымдағы бас демеушісі болады. Брендтің атауы ойыншылардың футболкасында жазылады, ал «Барселонаның» стадионы енді «Камп Ноу» емес, «Spotify Камп Ноу» болып аталады. 

CBS дерегінше, аталған келісім үшін стримингтік сервис 310 млн АҚШ долларын төлеген. Испаниялық SPORT басылымының жазуынша, егер клубтың «тіркелген» жанкүйерлерінің (яғни аты-жөніне, электронды пошталарына және басқа да жеке мәліметтеріне қолжетімділік ұсынған фанаттар) саны көбірек болғанда, келісім сомасы бұдан да көбірек болуы мүмкін еді.

-->