Елордада театрлар арасында волейболдан турнир өтті
Театр кеңістігінде дара жолымен танылып, талай өнер додаларында үздіктер қатарынан көрінген елордалық «Жастар театры» биыл өзінің 15 жылдық мерейтойын тойлайды.
Осыған орай, өнер ұжымы еліміздегі театрлар арасында волейболдан турнир өткізуде.
Старт алдында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакенов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты - өнердегі әріптестермен достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау.
Спорттық шараға 10 команда қатысты. Сайысқа қатысушылардың ішінде инклюзивті, яғни ерекше жандардан құралған команда да бар.

Биыл «Жастар» театрының 15 жылдығы. Осы орайда, елордада волейболдан керемет турнир өтіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Мәдениет басқармасына алғысымызды білдіреміз. Қаншама театрдың басын қосып, әдемі іс-шара ұйымдастыру - саламатты өмір салтын насихаттау. Денсаулық - ең басты байлығымыз. Мәселе, бірінші орынды алып, кубокқа ие болу емес. Жүздесіп, дидарласып, әдемі көңіл-күй сыйлау, - деді «Жастар» театрының директоры Әділ Ахметов.
Спорттық шараға 10 команда қатысты. Сайысқа қатысушылардың ішінде инклюзивті, яғни ерекше жандардан құралған команда да бар.
Биыл «Жастар» театрына 15 жыл. Осыған орай, Мәдениет басқармасы волейболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыста 10 команда бақ сынап жатыр. олардың қатарында «Қанаттылар» инклюзивті театры да бар. Біз үшін бұл үлкен жетістік, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов.