Спорт

Дәурен Абаев паралимпиадашыларға сәттілік тіледі

Министр қатаң антиковид шектеулері жағдайында өтіп жатқан емдеу-жаттығуларға байланысты спортшылармен онлайн-байланыс режимінде сөйлесті.

Ұлттық құрама атынан Василий Коломиец сөз сөйледі.

Еске салайық, Бейжің-2022 XIII қысқы Паралимпиада 2022 жылдың 4-13 наурызы аралығында өтеді. Дүбірлі додаға 50 елден 700-ден астам спортшы қатысады. Ұлттық паралимпиада құрамасы сапында  Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко сынды 5 спортшы бар.

Паралимпиадашыларымыз спорттың екі түрінен – пара шаңғы жарысы мен пара биатлон бойынша сынға түседі.

Паралипиаданың ашылу салтанаты 4 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады. Қазақстан Паралимпиада құрамасының ту ұстаушысы – пара шаңғы жарысынан әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов.

-->

Сіздердің спорттық жетістіктеріңіз, жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз – спорттың биік шыңы. Сіздер – біздің мақтанышымызсыздар. Бүкіл ел сіздерге жанкүйер болады. Алдағы жарыста сәттілік серік болсын! – деп атап өтті Дәурен Абаев.