Ауылдық жерлерде спорттық кешендер жоқ – Елсияр Қанағатов
Сонымен қатар ол шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Қазақстандағы спорт саласының кемшін тұстары туралы жариялаған жазбасы турасында пікір білдірді.
Оның айтуынша, болашақта бізде қысқы спорттың дамуына мүмкіндік бар.
-->Біз алдымен қысқы спортты дамытуымыз керек. Спорт мектептерінің санын көбейту қажет. Сондай-ақ балаларды жаттықтыратын жаттықтырушардың деңгейін, жалақысын көтеру маңызды. Мықты спортшылардың 80 пайызы ауылдан шыққан. Сондықтан осы мәселеге аса назар аудару керек. Жақсы тренерлерді дайындап, балаларды, жасөспірімдерді көбірек жарысқа тарту маңызды. Сонда нәтиже болады, - деді Елсияр Қанағатов.
Сонымен қатар ол шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Қазақстандағы спорт саласының кемшін тұстары туралы жариялаған жазбасы турасында пікір білдірді.
Жарақат алғаннан кейін біздің нормативтік базаларымыздан емдеу үшін тікелей ақша бөлінбейді. Ол біздің кемшілік. Спорт министрлігінің жанындағы медицинамен бірігіп жұмыс жасау керек. Абзалдың айтқаны рас. Шорт-трекке, жалпы жарыс өткізерде ақша саламыз. Спорттық трамплин саламыз. Ал күнделікті дайындалатын белгілі бір жер жоқ, - деді Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры.
Оның айтуынша, болашақта бізде қысқы спорттың дамуына мүмкіндік бар.
Басқа елдердің спортшыларына пандемия әсер етпеді деген қате пікір. Мысалы, Олимпиадада Украина командасында жарысқа бара алмай қалғандары болды. Пандемия біздің командаға әсер етіп қана қойған жоқ. Осы жолы қысқы спортта жетістіктері бар 29 дамыған мемлекет жақсы нәтиже көрсетті. 62 мемлекет медальсіз қайтты. Оның ішінде біз де бармыз. Біздің 9 спортшы финалға қатысып, медаль алуға тырысты. Бізде қысқы спортты дамытуға мүмкіндік бар. Екі ірі 2 қаламызда спорттық нысандар салынған. Ал ауылдық жерлерде спортшылар дайындалатын спорттық кешен жоқ. Десе де, болашақта бізде қысқы спорттың дамынуына мүмкіндік бар. Ол үшін ауыл, аудан, өңір, министрліктің қатысуымен жағдай жасау керек. Ал, мысалы, қола медалін алдық дейік. Сол медальдің арқасында бәрі дұрыс бола ма? Бұқаралық спортты дамыту керек. Жергілікті әкім, аудан, облыс, федерация, яғни әрбір мекеме өз тарапынан жақсы жұмыс істесе, жақсы жетістікке жетеміз, - деді Елсияр Қанағатов.