«Жас жауынгер» клубының спорттық фестивалі өтті
Фестиваль аясында клуб жаттықтырушылары пара бокс, пара жекпе-жек және пара күрес бойынша жарыстық өнер көрсетті. Сондай-ақ ерекше балалардың орындауындағы жарқын музыкалық шоу өтті. Ұйымдастырушылар мен жаттықтырушылар балаларға өздерінің кумирлері Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев және басқа да атақты спортшылардың орнында болуға бірегей мүмкіндік берді.
Іс-шараның ең жарқын көріністерінің бірі – қазақ ұлттық салт-дәстүрі «Тұсау-кесер» рәсімі болды. Клубтың екі жас тәрбиеленушілері Бақтыбай Аян мен Куренков Эрвинның тұсауын «Қазақстан халқына» Қорының Басқарма төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішев кесті.
Осы ретте, Болат Бидахметұлы барлық қатысушыларды клубтың 4-жылдығымен құттықтап, осындай клубтардың елордада ғана емес, Қазақстанның әр өңірінде болуының әлеуметтік маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
Айта кетейік, «Жас жауынгер» клубында ерекше қажеттіліктері бар балалар бейімделген спортпен аптасына 3 күннен тегін шұғылданады. Балаларға арналған ерекше спортзалдың негізін қалаушы - 32 жастағы жаттығу залының нұсқаушысы Садық Байымбетов, ол күндіз негізгі жұмыста жұмыс істейді, ал кешке жас спортшыларды жаттықтырады. Клубтың негізгі мақсаты – балалардың бейімделу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ жас кезінен Параолимпиадалық ойындарға дайындау. Клубқа әртүрлі диагнозы бар 70-тен астам бала келеді. Ал олардың жаттықтырушылары бейімделген спорт бойынша жоғары білікті мамандар.
-->

Адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы – жүру және әлемді білу қабілеті. Ұзақ емдеу мен оңалтудан кейін осы екі бүлдіршін ауырсынуды жеңіп, көп күш жұмсады, аяқтарына тұрып, қазір осы клубта спортпен шұғылдануды жалғастыруда, – деді ол.