Бейжің Олимпиадасы: Александра Троицкая мәреге жете алмады
Өкінішке қарай, қазақстандық Александра Троицкая слаломда мәреге жетпей, жарысты аяқтады.
-->Өкінішке қарай, қазақстандық Александра Троицкая слаломда мәреге жетпей, жарысты аяқтады.
Алғашында бас бапкерсіз жаттығу қиын болды. Өз қателігімді сырттай көре алмағандықтан, ештеңе айта алмаймын. Мұндағы жарыс жолы расында қиын, маған ыңғайсыз еді. Бірінші мүмкіндігімді барынша аяқтағым келген. Бірақ мен ойлағандай болмады. Бізде Бейжіңдегідей қатты қар мен мұз жоқ. Оның үстіне, тәжірибесіз, жаттығусыз сынға түсу қиын болды. Десе де, мұның бәрі мен үшін үлкен тәжірибе болғаны анық, - дейді А.Троицкая.