Юлия Галышева жанкүйерлеріне алғыс айтты
Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасында Юлия Галышева екінші финалға дейін жетті. Өкінішке қарай, трамплиннен секіру барысында қателік жіберіп, қысқы ойындарды 11-ші орынмен аяқтады.
-->Менің ең алғашқы Олимпиадам 2010 жылы басталды. Бүгін көзді ашып-жұмғанша 2022 жылға келіп қалған екенбіз. 2010 жылы Канадада – 11-орын, 2014 жылы Ресейде – 7-орын. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда – 3-орын, 2022 жылы Қытайда – 11-орынға ие болдым. Осы жолды менімен бірге өткен жандарға көп рақмет! Мен қуана қайталағым келетін ұмытылмас сәттер өте көп, - деп жазды спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасында Юлия Галышева екінші финалға дейін жетті. Өкінішке қарай, трамплиннен секіру барысында қателік жіберіп, қысқы ойындарды 11-ші орынмен аяқтады.