Спорт

«Іске кірісіп кеттік»: Қазақстандық конькиші Бейжіңдегі дайындығы жайлы айтты

Естеріңізге сала кетейік, конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар Олимпиада ойындарында 5 ақпанда Бейжің ұлттық конькимен жүгіру стадионында басталады. 

-->

Жаттығу циклі алдыңғы күні басталды, іске бірден кірісіп кеттік. Бүгін ресми жарыс алдында 1000 метрге жүгіремін. Атмосфера, шынымды айтсам, алаңдатады, барлық жерде бетпердемен жүру керек (тіпті көшеде де). Осы жағы ыңғайсыз. Бірақ жалпы бізде бәрі жақсы. Жоспар бойынша дайындалудамыз. Арена керемет, өте әдемі. Түстері де көзге жағымды. Мұз тайғақ, жарыс басталғанға дейін жақсарады деген үміттеміз, - деді спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар Олимпиада ойындарында 5 ақпанда Бейжің ұлттық конькимен жүгіру стадионында басталады.