Спорт

«Денис Теннің анасы федерациядан кетсін!»: мәнерлеп сырғанау спортынан шу шықты

Қол қойған жаттықтырушылардың бірі Айгүл Қуанышеваның айтуынша, құжат жуырда Мәдениет және спорт министрлігіне және Ұлттық Олимпиада комитетіне жолданады.

ЭК тілшісі Оксана Тенмен байланысты. Ол ашық хаттағы сұрақтарға барлық жаттықтырушы қол қойғаннан кейін жауап беруге уәде берді.

Естеріңізге салсақ, Оксана Тен вице-президент қызметін 2019 жылдан бастап атқарады. Ол қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің анасы. Атақты спортшы 2018 жылы Алматыда екі қылмыскердің қолынан қаза болды.

-->

Қол қойған жаттықтырушылардың бірі Айгүл Қуанышеваның айтуынша, құжат жуырда Мәдениет және спорт министрлігіне және Ұлттық Олимпиада комитетіне жолданады.

Біздің мақсатымыз — спортты дамыту. Сондықтан біз жаттықтырған оқушылардың нәтижелерін құжаттарға сүйене отырып бағалауымыз керек. Алайда қазір бізден оның бәрін жасырып отыр. Оксана Тен вице-президент болғалы менің де, Кеңестің де өкілеттілігін иемденіп алды. Ол барлық шешімді өзі қабылдап, басқа жаттықтырушыларды жолатпайды. Негізі ол бізбен кеңес құрып, ақылдасып отыруы керек. Бірақ 3 жыл бойы онымен еш байланыс жоқ. Әрине мұндайдан балалар және бүкіл сала зардап шегеді. Бұл масқара жағдай, — деді мемлекеттік жаттықтырушы Надежда Перфильева.

ЭК тілшісі Оксана Тенмен байланысты. Ол ашық хаттағы сұрақтарға барлық жаттықтырушы қол қойғаннан кейін жауап беруге уәде берді.

Хатта көп маңызды мәселе көтерілген. Жала да көп. Сондықтан барлығын зерттеп шығамын, — деп жауап берді Оксана Тен.