Спортшылардың Олимпиадаға дайындалуына барлық жағдай жасалды – МСМ
Қазақстандық спортшылар 8 спорт түрінен 78 лицензия жеңіп алды, барлығы 34 спортшы. Өңірлер бөлінісінде ең көп спортшы ШҚО-дан, Алматыдан – 8 спортшы.
-->Қазақстандық спортшылар 8 спорт түрінен 78 лицензия жеңіп алды, барлығы 34 спортшы. Өңірлер бөлінісінде ең көп спортшы ШҚО-дан, Алматыдан – 8 спортшы.
Фристайл могулдан 6 спортшының бәрі ШҚО өкілі, ең басты үмітіміз осы спорт түрі. Бүгінде спортшылар бірнеше топқа бөлініп, дайындалып жатыр. Бірінші топ Еуропада, олардың сол жақтан тікелей Бейжіңге бару мәселесі қарастырылып жатыр. Шорт-трек пен коньки тебушілер Нұр-Сұлтанда, фристайл, қысқы көп сайыстан спортшылар Алматыда Бабл жүйесімен дайындалуда. Спортшылардың барлығы коронавирусқа қарсы егілді. Ұлттық құрама команда 27 қаңтарда чартерлік рейспен Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға ұшады, сол жақтан басқа спортшылармен бірге Бейжің қаласына аттанады. Онда 4 күн карантинде болып, жарыстарға дайындала бастайды, - деді вице министр.