Australian Open: Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон – ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда швециялық-ресейлік жұп басымдылық танытты – 6:4.
Екіншісінде Анна мен Беатрис есе қайырды – 7:5. Сосын үшінші, шешуші сетті жеңіспен тәмамдады – 6:3. Тартысты өткен бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.
Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен таласады.
-->Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон – ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.