Головкиннің Муратаға қарсы жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Кездесу енді Жапонияда болмайды.
Жекпе-жек 29 желтоқсанда Токиода өтуге тиіс болатын. Алайда Жапония билігі коронавирустың жаңа «омикрон» штамына қарсы карантиндік шараларға байланысты кейінге қалдырылды.
Бұған дейін Муратаның Teiken промоутері жекпе-жек келесі жылдың көктеміне дейін кейінге қалдырылғанын және нақты күн кейінірек жарияланатынын хабарлады. Жекпе-жек алдында америкалық Boxing News 24 басылымы Геннадий Головкиннің ақша жағдайына қатысты ақпарат таратты.
Басылым Celebrity Net Worth мәліметтеріне сілтеме жасап Головкинде шамамен 30 миллион доллары бар екенін хабарлайды.
-->
«Эдди Хирннің айтуынша, Геннадий Головкиннің Риота Муратаға қарсы жекпе-жегі наурыз немесе сәуірге ауыстырылған сияқты», - деп жазды журналист Майкл Бенсон Twitter-де.