Елордада Жауынгерлік өнер ассоциациясының қорытынды отырысы өтті
Жиынға ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Асхат Төлеуов, «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы Самат Ерғалиев, Жауынгерлік өнер ассоциациясының бас директоры Абат Имамбаев, Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Самат Жылқыбаев, елордалық Жауынгерлік өнер ассоциациясының жетекшісі Батырбек Кәкім қатысты.
Сондай-ақ қорытынды отырыста олимпиадалық спорт түріне жатпайтын елордалық федерация басшылары, бапкерлер мен спортшылар бой көрсетті.
Жиын барысында Жауынгерлік өнер ассоциациясының 2021 жылы атқарылған жұмысы мен спортшылардың жетістігі туралы сөз етілді. Аталған уақыт аралығында сортшылар халықаралық жарыстарда кикбоксинг, шинкиокушин каратэсы, ашихара каратэ және панкреатин бойынша 60-тан астам жүлделі орынға ие болған.
Айта кетсек, жалпылама спортты дамыту мақсатында елордалық тұрғындар арасында ассоциация тегін жаттығуға мүмкіндік береді.
-->

«Жауынгерлік өнер ассоциациясы 2 жыл бұрын құрылды. Осы уақыт аралығында қауымдастық үлкен жұмыстар атқарып келеді. 2022 жылға үлкен қаржылай көмек алдық. Нұр-Сұлтан қаласы ассоциациясына қазіргі таңда 20 федерация кіреді. Тағы 5 федерацияны қосу жоспарда бар. Құжаттары дайындалып жатыр. Сонымен қатар ассоциацияға 2 үлкен зал берілді. Бірі «Астана Аренада», екіншісі Жирентаев көшесінде орналасан. Келесі жылға жоспар көп», - деді ассоциация басшысы Батырбек Кәкім.