Бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық турнир басталды
Турнирге 23 командадан құралған 200-ге жуық бильярдшылар қатысуда.
Жарыста Ресей Федерациясы Омск қаласы және Қазақстан өңірлерінен келген 10 команда бақтарын сынамақ. Атап айтсақ, Алматы, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалалары.
Айта кетсек, ең қарт ойыншы 78 жаста, ал ең жас қатысушы 50 жасқа толған.
-->Турнирге 23 командадан құралған 200-ге жуық бильярдшылар қатысуда.
Жарыста Ресей Федерациясы Омск қаласы және Қазақстан өңірлерінен келген 10 команда бақтарын сынамақ. Атап айтсақ, Алматы, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалалары.
«Біз өте үлкен турнир өткізіп отырмыз. Бірінші турнирде бір команда, 14 адам болса, қазір 180 адам қатысып жатыр. Оның ішінде «сен тұр, мен айтайын» деген мықтылар келді. 23 команда қатысыды. 15 команда 50-63 жас шамасындағылар. Оларды біз «Арғымақтар» дейміз. 63 жастан жоғарғылар, яғни «Тарландар» 2 командаға топтасқан. Ойын 3 күнге созылады. Керемет тартысты жарыс болайын деп тұр. Барлығы аудан, қала атынан келген. Негізгі мақсат – бұқаралық спортты, бильярдты дамыту. Біздің бастауымызбен бильярд халықтың ең бір сүйікті ойынына айналып отыр», - деді ұйымдастырушы, «Ұлы Дала Қырандары» халықаралық қозғалысының және «ӘЛЕМ ҚЫРАНДАРЫ» бильярдшылар қоғамдастырығының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел
Айта кетсек, ең қарт ойыншы 78 жаста, ал ең жас қатысушы 50 жасқа толған.