Спорт

Қазақ күресінен "Байқоңыр барысы-2021" турнирі өтті

Турнирде сонымен қатар “Өндіріс” тұрғын алабындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы аталып өтілді. 

Жарыстың ашылу салтанатында ҚР МСМ Спорт істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев құттықтау сөз сөйледі.

Жарыс бұқаралық спортты дамытуға, ауданның жас спортшылары арасында ұлттық спорт түрі – қазақ күресін насихаттауға бағытталған.

-->

“ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Байқоңыр барысы" жарысына қош келдіңіздер! Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамытуға назар аудару маңызды екенін айтқан болатын. Мұндай жарыстар жас спортшыларға серпін беретініне, ал қалған жастар үшін үлгі болатынына сенімдімін. Турнирді ұйымдастырғаны үшін Байқоңыр ауданының әкімдігі мен қазақ күресі федерациясына алғысымды білдіргім келеді”, – деді С.Ерғалиев.

Жарыс бұқаралық спортты дамытуға, ауданның жас спортшылары арасында ұлттық спорт түрі – қазақ күресін насихаттауға бағытталған.