Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары футзалдан жолдастық кездесу өткізеді
Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді. Қос кездесу де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Билет құны әр ойынға – 1000 және 2000 теңге. 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін! Билеттерді тек zakazbiletov.kz сайтында онлайн сатып алуға болады. Арена кассаларында билеттер сатылмайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына жиналатын жанкүйерлердің саны 50 пайыздан аспайды. Әр ойынға сатылымға шыққан билеттердің саны – 1 300.
Стадионға кіру ASHYQ қосымшасының «жасыл белгісімен» ғана кіруге болады, сондай-ақ барлық санитариялық нормаларды (маска және әлеуметтік қашықтық) сақтай отырып жүзеге асырылады.
-->Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді. Қос кездесу де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 14 және 15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады.