Анна Данилина Дубайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық Анна Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге алғашқы ойындарында ресейліктер Оксана Селехметьева – Анастасия Гасановамен кездесті.
Бірінші партияда Данилина мен Кузьмова үш брейктің нәтижесінде басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қазақстандық-словакиялық жұп 2:4 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Одан кейін 5:5 болған мезетте тағы бір брейк жасап, өз геймдерін де алып, есепті 7:5 жеткізді. Анна Данилина мен Виктория Кузьмова жартылай финалға шығу үшін түркиялық Берфу Ченгиз – Польша өкілі Вероника Фалковска немесе словакиялық Кристина Куцова – Рената Воракова жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Ал жекелей сында Анна Данилина алғашқы айналымда Анастасия Гасановаға 1:6, 4:6 есебімен есе жіберді.
-->Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық Анна Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге алғашқы ойындарында ресейліктер Оксана Селехметьева – Анастасия Гасановамен кездесті.