Қазақстандық спортшылар Азияда үздік үштікке енді
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша классикалық садақ атудан командалық жарыста Қазақстан қыздар командасы үздіктер қатарынан көрінді. Құрамында Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук сынды тәжірибелі спортшылары бар біздің құрама кіші финалда Үндістан командасымен кездесті. Отандастарымыз тартысты өткен бәсекеде 220:208 есебімен жеңіс тойын тойлады. Осылайша, қазақстандықтар құрлық додасының қола медалін олжалады.
Ал ерлер арасындағы сында Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Дәулеткелді Жаңбырбай жарыс қожайындары – Бангладеш командасына 2:6 есебімен жол берді.
-->Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша классикалық садақ атудан командалық жарыста Қазақстан қыздар командасы үздіктер қатарынан көрінді. Құрамында Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук сынды тәжірибелі спортшылары бар біздің құрама кіші финалда Үндістан командасымен кездесті. Отандастарымыз тартысты өткен бәсекеде 220:208 есебімен жеңіс тойын тойлады. Осылайша, қазақстандықтар құрлық додасының қола медалін олжалады.
Ал ерлер арасындағы сында Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Дәулеткелді Жаңбырбай жарыс қожайындары – Бангладеш командасына 2:6 есебімен жол берді.