Статистика Альварестің пайдасына сөйлеп тұр
Бір атап өтерлігі, бұл кездесудегі жеңістен кейін Альварес орта дивизионда «IBF» және «IBO» чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші кездесу өткізуге ниетті екенін айтты. Бірақ бұл кездесуге отандасымыз дайын ба? Орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық қыранмен екінші рет жұдырықтасқаннан кейін айтарлықтай аты бар боксшымен жұдырықтасқан жоқ.
Иә, Геннадий бұл аралық салмақта Стив Роллспен қолғап түйістірді. Роллсты кәсіпқой бокс әлемінде күші мығым әрі танымал боксшы деп ешкім айта алмайды. Бұдан бөлек ол ресейлік Сергей Деревянченкомен жұдырықтасты. Кейін «GGG» польшалық Камиль Шереметаны оңай жеңді.
Ал Сауль Альварес ше? 2017 жылдан бері мексикалық боксшы шаршы алаңда Дэниел Джейкобсты, Сергей Ковалевті, Каллум Смитті, Авни Йылдырымды, Билли Джо Сондерсті және Калеб Плантты ұтты.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Головкин осы аралықта үш жекпе жекке шықса, Альварес алты қарсыласынан айласын асырды.
Қысқасы, статистика Альварестің пайдасына сөйлеп тұр. Мексикалық боксшы қазір нағыз бабында. Ал Геннадий Головкин желтоқсанда жапон жігіті Риота Муратаны жарқын мәнерде жеңіп, өзінің әлеуеті зор екенін көрсетуі тиіс. Сөйтіп, бұл жеңіс «Канело» мен «GGG» үшін 2022 жылдың көктемінде үшінші жекпе-жек ұйымдастыруға түрткі болмақ.
-->Бір атап өтерлігі, бұл кездесудегі жеңістен кейін Альварес орта дивизионда «IBF» және «IBO» чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші кездесу өткізуге ниетті екенін айтты. Бірақ бұл кездесуге отандасымыз дайын ба? Орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық қыранмен екінші рет жұдырықтасқаннан кейін айтарлықтай аты бар боксшымен жұдырықтасқан жоқ.