Қазақстан кубогы: «Қайрат» елордада «Астананы» ірі есеппен жеңді
Жасыл алаңда елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездесті. Аталмыш ойынға түрлі себептерге байланысты астаналық клуб Марин Томасов, Тигран Барсегян, Исламбек Қуат және өзге де көшбасшы ойыншыларын қоса алған жоқ. Соған қарамастан бірінші кезеңде «Астана» футболшылары Стас Поактилов қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді. Дегенмен, бірінші кезеңнің 45-минутында алматылық клубтан Раде Дугалич мергендік танытты.
Екінші кезеңде алаң иелері арасында Хосе Канте 67, ал Артур Шушеначев 72-минуттарда мергендік танытып, көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша, «Қайрат» сырт алаңда «Астананы» 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қарағандының «Шахтері» Қостанайдың «Тобылын» 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Қарымта ойындар 20-21 қарашаға белгіленген. Финалдық ойындар 28 қарашада өтеді.
-->