Елордалық спортшы екі дүркін әлем чемпионы атанды
Әлем біріншілігінде Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Заңғар Абзал жасөспірімдер арасында чемпион атанды. 55 кг салмақ дәрежесінде ол жекпе-жек бөлімінде төрт кездесу өткізіп, бірде-бір қарсыласынан ұтылған жоқ. Үш кездесуін мерзімінен бұрын ұтты. Финалда Заңғар бельгиялық Емень Стореббиді ұпай бойынша жеңді. Бұған дейін ол 2019 жылы Грецияда өткен әлем біріншілігінде неваза бөлімінде бірінші орын алған болатын. Осылайша, Заңғар джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Спортшының жеке жаттықтырушысы Аслан Оспанов өз шәкіртінің жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті
БАӘ-де джиу-джитсудан әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін жалғасады.
-->Әлем біріншілігінде Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Заңғар Абзал жасөспірімдер арасында чемпион атанды. 55 кг салмақ дәрежесінде ол жекпе-жек бөлімінде төрт кездесу өткізіп, бірде-бір қарсыласынан ұтылған жоқ. Үш кездесуін мерзімінен бұрын ұтты. Финалда Заңғар бельгиялық Емень Стореббиді ұпай бойынша жеңді. Бұған дейін ол 2019 жылы Грецияда өткен әлем біріншілігінде неваза бөлімінде бірінші орын алған болатын. Осылайша, Заңғар джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Спортшының жеке жаттықтырушысы Аслан Оспанов өз шәкіртінің жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті
«Заңғар менде 9 жастан бастап жаттығады. «Егер сіз жақсы шәкірт болуға дайын болмасаңыз, жақсы жаттықтырушы іздемеңіз» деген сөз оның жаттығуға деген ынтасын толықтай сипаттай алады. Заңғар маған басқа спортшыларды жаттықтыру кезінде көмектеседі және олар үшін үлгі алуға лайық спортшы. Біздің мақсатымыз әрі қарай да Қазақстанның Туын әлемнің ең ірі ареналарында көтеру, еліміздің атын шығару, өзгелерге үлгі болу, салауатты өмір салтын және бәсекелестік рухын насихаттау», - деді ол өз сөзінде.
БАӘ-де джиу-джитсудан әлем чемпионаты 11 қарашаға дейін жалғасады.