Спорт

Белградтағы бәсеке: финалға 4 боксшымыз жолдама алды

Серік Теміржанов (57 келі) жартылай финалда Освель Кабальеромен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қос қарсылас терезесі тең деңгейде ойын көрсетті. Дегенмен раунд соңында Серік Теміржанов қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісін қолдады. Екінші раундта 3 төреші Серіктің жеңгенін мойындаса, екеуі кубалыққа сенім білдірді. Жалпы нәтижеде қазақстандық боксшы қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша ол ел құрамасынан финалға шыққан төртінші жолдама иесі атанды.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмуд Сабырхан (54 келі) финалға шыққан болатын Ал финалға берілген үшінші жолдамаға кешкі сессияда Сәкен Бибосынов ие болды.

-->