Спорт

Бокстан ӘЧ: Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысын жеңді

Қазақстан сапынан ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбекстандық Шахрам Гиясовпен кездесті. Шахрам 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі кәсіби бокста тоғыз кездесу өткізіп үлгерген. 

Екі боксшы арасындағы тартысты жекпе-жекте Шымбергеновтің басымдығы көзге ұрып тұрды. Ол қарсыласқа соққыларын жиі дарытып, төрешілер 5:0 есебімен кездесуді Асланбектің пайдасына шешті. 

Айта кетейік, осымен рингке шыққан 4 отандасымыз келесі кезеңге жолдама алды. 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан оңтүстік кореялық Ин Гю Кимнен, 92 келіге дейінгі салмақта Айбек Оралбай Польша өкілі Матеуш Березницкиден, 60 келіде бақ сынайтын Саматәлі Төлтаев тайландтық қарсыласынан айласын асырды.

-->