«UEFA» Чемпиондар лигасы: Жасыл алаңға кімдер шығады?

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«UEFA» Чемпиондар лигасы: Жасыл алаңға кімдер шығады?

Бүгін, 19 қазанда «А», «В», «C», «D» топтарында ойындар өткізіледі. Жанкүйерлер «В» тобындағы «Атлетико Мадрид» (Испания) және «Ливерпуль» (Англия) кездесуін тамашалайды. Алғашқы екі турда ағылшындар ұпай жоғалтпай көш бастаса, испаниялық клуб бір жеңіс пен бір тең ойынмен екінші орында тұр.

Аталған ойын елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл топта «Порту» (Португалия) пен «Милан» (Италия) командалары да кездеседі.

Қазақстандық жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде елорда уақытымен 00:50-де «А» тобындағы «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Лейпциг» (Германия) ойынын тамашалау мүмкіндігне ие. Бұл топта «Брюгге» (Бельгия) мен «Манчестер Сити» (Англия) командалары жасыл алаңға шығады.

Ал «С» тобында «Бешикташ» (Түркия) пен «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Аякс» (Голландия) пен «Боруссия Дортмунд» (Германия) командалары кездеседі.

«D» тобында «Интер Милан» (Италия) мен «Шериф» (Молдова), «Шахтер Донецк» (Украина) пен «Реал Мадрид» (Испания) клубтары ойнайды.

Қалған топтардағы ойындар 20 қазанда өткізіледі.