Спорт

Асық атудан спорт шебері атағы берілетін болды

Енді ішкі біріншіліктерде топ жарғандар спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер атана алады. Бұл жөнінде Асық ату федерациясының өкілі Марат Исламбеков мәлімдеді.

Федерация өкілінің айтуынша, бастама ұлттық ойынымызды жаңғыртуға және жарыстарға қатысушылардың санын арттыруға тың серпін береді деп күтілуде. Бүгінгі таңда асық ату мектеп бағдарламасына қосылып, бірқатар білім ордасында үйретіліп жүр.

Бұған қоса, жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын жарыстары бар. Ол, тіпті, әртүрлі деңгейдегі спартакиада мен универсиадалардың бағдарламасына қосылған.

-->