Спорт

Қазақстан құрамасының ең дөрекі футболшылары кімдер

Ережені ең көп бұзатын футболшы – жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов екен. Іріктеу циклында өткен төрт ойында ол тоғыз рет фол жасап, екі сары қағаз алған. Одан бөлек, Ян Вороговский, Владислав Васильев және Стас Покатиловке екі-екіден ескерту беріліпті. 

Фол саны бойынша екінші орында қорғаушы Ян Вороговский келеді, ол жеті матчта сегіз рет ереже бұзған. “Дөрекі футболшылардың” үштігін орталық қорғаушы Сергей Малый түйіндеп тұр, ол алты ойында жеті рет фол жасаған. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үш ұпаймен D тобының турнирлік кестесін қорытындылады. 2022 жылғы Әлем біріншілігіне іріктеудің ақырғы матчын ұлттық құрама 14 қараша күні француздардың жерінде сол елге қарсы өткізеді.

-->