Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Аталған салмақ бойынша финалда белдескен қазақстандық Жәмила Бақбергенова жапондық Масако Фуруитиден жеңіліп қалды. Қорытынды есеп - 0:3.
Бұл – Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы медалі. Бұған дейін ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресіп, тап осы Масакодан 0:2 есебімен ұтылған болатын.
Ослодағы әлем чемпионатын Қазақстан әйелдер командасы жалғыз медальмен аяқтады.
Ал еркін күрес шеберлерінің еншісінде бірде-бір медаль жоқ.
-->Аталған салмақ бойынша финалда белдескен қазақстандық Жәмила Бақбергенова жапондық Масако Фуруитиден жеңіліп қалды. Қорытынды есеп - 0:3.