Спорт

Шахматтан өткен әлем біріншілігінде еліміз екі қола еншіледі

Алтын медаль үшін таласқан шешуші матчта әлемнің екі үздік командасы – Ресей мен Үндістан бақ сынады. Оған дейін Үндістан спортшылары ширек финалда қазақстандық төрттікті, жартылай финалда Грузияны ұтқан болатын. Бірақ финалда үнді қыздары әлемнің қазіргі чемпиондары – Ресей шахматшыларын жеңе алмады.

Ресейлік шахматшылар ала тақтадағы шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақырғы кездесу 2,5: 1,5 және 3:1 есебімен олардың пайдасына шешілді.

Әлем біріншілігінде командалық жарыстардан бөлек алғашқы үш тақта нәтижесі де ескерілді. Мұнда қазақстандық шахматшылар екі жүлдеге ие болды. Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова қола жүлдегер атанса, Жансая Әбдімәлік IV орынға табан тіреді.

-->