Спорт

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады

Екі құрама көп аңдыспай шабуылға ден қойды. Кезекті шабуылдың бірінде Игитадан пас алған Альберт Ақбалықов қақпаға бірден соққы жасады. Бұл соққыға дайын болмаған Гитта лақап атымен танылған Тиаго Мендес Роча өз қақпасына гол салып алды. Үзіліске дейін Қазақстанның да, Бразилияның да гол салатын бірнеше мүмкіндігі болды. Алайда футболшылар соңғы сәтті дәлдік таныта алған жоқ.

Матчтың екінші бөлігінде күтпеген жерден таразы басы теңесті. Шабуыл кезінде Тайнан өз қақпасына гол салып алды. Көп уақыт өтпей Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы үздік сұрмергені көзге түсіп, команданы есепте алға шығарған. Десе де қарсылас лезде есепті 2:2-ге жеткізді. Өкінішке қарай, осыдан кейін бразилиялықтар тағы екі мергендік танытып, камбэк жасады.

Бұл осымен үшінші рет футзалдан әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасының үздік нәтижесі. Алғаш рет 2000 жылы Гватемаладағы мундиальда Азия конференциясының атынан қатысып, А тобында соңғы орын алған еді. Ал екінші рет 2016 жылы Колумбияда өткен турнирде Е тобында екінші орын алып, плей-офқа шыққан. 1/8-де Испанияға (5:2) жол берген.

Айта кетейік, Қазақстан мен Бразилия әлем чемпионатының финалдық кезеңінде екінші рет кездесті. Алғаш рет 2000 жылы Гватемалада өткен бәсекеде А тобында жолдары түйісіп, ол ойында Латын Америкасының құрамасы 12:1 есебімен жеңген.

Голдар: Гитта (автогол, 12-минутта), Тайнан (31-минутта) – Тайнан (автогол, 25-минутта), Родриго (32-минутта), Феррао (34-минутта), Ли (35-минутта).

Ал финалдық бәсекеде Португалия құрамасы соңғы әлем чемпиондары Аргентина құрамасынан 1:2 есебімен басым түсті.

-->